Меню KDT

Новости

«Туған жер» бағдарламасы – отансүйгіштіке тәрбиелеудің тиімді құралы

«Туған жер» бағдарламасы – отансүйгіштіке тәрбиелеудің тиімді құралы

Елбасымыз таяуда жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.

Тұжырымдама жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өзінің  туған жеріне, өзінің ауылына, қаласына, өңіріне деген сүйіспеншілікке бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру үшін негізгі тәсілдерді қарастырады.

«Туған жер» бағдарламасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

 

"Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер", деді Президент. Сондай-ақ елбасы бағдарламаның неге «Туған жер» деп аталатынына тоқталды. "Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Мемлекет басшысы «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіре келіп білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Орта мектепте туған жердің тарихын оқыту ісіне назар аударады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бағдарламаның бірнеше мәні бар.

Оның біріншісі білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. "Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс"

Екінші мәні - басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау.

Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс. Елбасы бұл жұмысты халыққа дұрыс түсіндіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керектігін айтты.

"Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек", дей келе Елбасы «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналатынына сенім білдірді.

 



Просмотров: 483

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Блог директора

Президент РК

Опрос

Нравится ли вам наш сайт?

Голосовать

Статистика

  • За месяц52
  • За неделю12
  • Вчера0
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки